СК-Фармация

Әлем жаңалықтары

29 шілде 2013
Баспасөз хабарламасы

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу жөніндегі Бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» ЖШС 2013 жылғы 25 шілдеде 2014 жылға дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша өткізілген екі кезеңдік тендердің үстіміздегі жылғы соңғы бірінші кезеңін өткізді.

Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 340 атауын жалпы сомасы 29 млрд. теңгеге жеткізу бойынша шығарылған тендердің қорытындысы бойынша Бірыңғай дистрибьютор және жеңімпаз жеткізушілер арасында шарттар жасалуда. Жеңімпаз компаниялар 2014 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша қызмет ететін денсаулық сақтау ұйымдарын қамтамасыз ету құқығына ие болды.

Қарашаның аяғында осы шарттардың шеңберінде препараттар Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына 2014 жылдың басында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша қызмет ететін барлық ауруханаларды қажетті дәрілермен қамтамасыз ету үшін жеткізіле бастайды.

Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды 2014 жылға жеткізушілер тендерлік рәсімдердің - бағасын төмендету аукционының қорытындысы бойынша белгіленеді, оларға біріші кезеңнің қорытындысы бойынша қатысуға рұқсат алған әлеуетті жеткізушілер қатысты.

Бірінші кезеңде әр тендерлік өтінімнің қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігі тексерілді. Әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін зерттеген соң, тендерлік комиссия бірқатар компанияларға тендерлік құжаттамаларының біліктілік талаптарына, белгіленген тәртіпке, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережелеріне  сәкессіздігі туралы ескертулер жасады.

Алайда, ережеге сәйкес тендерге одан әрі қатысу үшін әлеуетті жеткізушілер өздерінің тендерлік өтінімдерін Бірыңғай дистрибьютордың тендерлік комиссиясының ескертулерін белгіленген мерзімде толықтыруға құқығы бар.

259 лот бойынша тендер өтпеді деп танылды. Кейбір жағдайларда оның себебі дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға жарияланған белгілі позицияларға бір ғана өтінім берілгені немесе басқа жеткізушілердің өтінімдері олардың тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келмеуінен қабылданған жоқ. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы  бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінің 9-тарауында екі кезеңдік рәсімдерді қолдану арқылы өткізілетін тендерлерге қатысатын отандық тауар өндірушілерді қолдау шарасы көзделген, яғни егер конкурсқа отандық тауар өндіруші қатысатын болса, тек қана оның өтінімі қаралатынын атап өту қажет. Бұл жағдайда дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыру және өткзіу ережесіне сәйкес Бірыңғай дистрибьютор бір көзден сатып алуды жүргізеді.

Кейбір атаулар бойынша сатып алудың екінші кезеңі кезінде әлеуетті жеткізушілер тең бағалар ұсынды, ал кейбір жағдайларда Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген бағадан жоғары мөлшерде ұсынды. Қалыптасқан жағдайдың себептерін  анықтаған соң және оларды жойғаннан кейін аталған позициялар бойынша тендер қайта жарияланады.

Конкурстың мөлдірлігін қамтамасыз ету мақсатында «СҚ-Фармация» ЖШС екі кезеңдік рәсімдерді қолдану арқылы тендер өткізеді. Бүгінгі күні ол әлеуетті жеткізушілерге ең ашық жағдай жасауды көздейтін сатып алудың ең мөлдір тәсілі болып табылады. Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу ережесінің негізіне Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымының дәрілік заттарды сатып алуының тиісті іс-тәжірибесінің принциптері енгізілген.

Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 15.04.№ 224 бұйрығымен «СҚ-Фармация» ЖШ-на 2014 жылға дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 1095 атауын сатып алуға тапсырма берді. Бұл тізім бірінші қажетті дәрілік заттардан, вакциналардан, әлеуметтік маңызды аурулар - онкология, ВИЧ, С-гепатиті, туберкулез, қан аурулары және сирек кездесетін аурулардан, сондай-ақ медициналық көмек  көрсету үшін ауруханаларға күнделікті қажетті медициналық мақсаттағы бұйымдардан тұрады.

Осы тізімнің 265 атауы отандық тауар өндірушілермен жасалған ұзақ мерзімді жеті жылдық шарттар шеңберінде сатып алынады. Осындай шарттарды Бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттарды өндіру үшін GMP халықаралық сапа сертификатын және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру үшін ISO 13485:2003 сертификатын алған зауыттармен Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде фармацевтикалық өнеркәсіпті мемлекеттік қолдау шараларының бірі ретінде жасайды.

Әлемдік іс-тәжірибеде көптеген делдал-компаниялар түпкілікті тұтынушылар үшін дәрілердің құнын айтарлықтай арттыратынын көрсетіп отыр. Аталған проблеманы болдырмау мақсатында Бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттарды тікелей өндіруші зауыттардан сатып алу үлесін арттыру бойынша жұмыс жүргізіп, жетекші әлемдік фармөндірушілермен өзара ықпалдастықты белсенді түрде кеңейтіп отыр. Үстіміздегі жылы Бірыңғай дистрибьютор Қазақстан Республикасында аналогы жоқ дәрілік заттардың 52 атауын тікелей 20 шетелдік фармөндірушілерден сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдеумен қатар  дәрілік заттарды медициналық  мекемелерге уақытанда жеткізуге мүмкіндік береді.

Сатып алынған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар еліміздің 1300-ден астам медициналық ұйымдарына жеткізілетін болады. Бірыңғай дистрибьютор өз қызметінің тиімділігін дәлелдеді, оның нәтижесінде бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы сатып алынатын дәрілік заттардың тізімі айтарлықтай ұлғайды. Енді препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар ҰҚК, ІІМ, ТЖМ және Қорғаныс министрлігінің медициналық қызметтері үшін сатып алынатын болады.

Дереккөз: