Әлем жаңалықтары
Сьерра-Леонедегі Эбола вирусының таралуын тоқтатуға қол жеткізілді, деп мәлім етті сенбі күні РФ-ның Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Олег Салагай Дүинежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сілтеме жасап.
«Бүгін ДДСҰ Сьерра-Леонеде Эбола вирусының таралуы тоқтатылғанын жариялады. Белгіленген эпидемиологиялық талаптарға сәйкес соңғы пациент қайта тестіден өткеніне 42 күн қажет. Енді 2016 жылдың ақпанына дейін бұл елдегі аурудың жай-күйіне тереңдетіле бақылау жүзеге асырылады», - деді Салагай.
Ол Батыс Африкада эпидемия басталғалы әлемде Эбола безгегінің 28,6 мыңнан астам фактісі тіркелгенін, 11,3 мың адам бұл індеттен көз жұмғанын еске салды. Ресей эпидемия басталған кезде-ақ зардап шеккен елдерге көмектесудің белсенді әрекеттерін қолға алды, тиісті халықаралық жобаларға қолдау жасалды, деп атап өтті Салагай.
«Індет басталған бойда Гвинея Республикасына жетекші респейлік вирусологтар аттандырылды. Гвинеялық әріптестерге медициналық жабдықтар берілді, осы елде зертханамен жарақтанған арнайы дәрігерлер бригадасы жұмыс істеді», - деді ведомствоның ресми өкілі.
Эболамен күрестегі бірлескен іс-қимыл осы жылғы қазан айында Мәскеуде БРИКС елдері денсаулық сақтау министрлерінің кездесуі барысында талқыланды, деп қосты ол.