Әлем жаңалықтары
Қазақстан мен Түркия әлеуметтік қауіпсіздік мәселелері бойынша ынтымақтастық орнатпақ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына қатысушы елдердің жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлерінің Парижде өткен кездесуі аясындағы екіжақты келісімнің нәтижесінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметік даму министрі Тамара Дүйсенова мен Түркияның Еңбек және әлеуметтік қауіпсіздік министрі Сулейман Соялу әлеуметтік қауіпсіздік мәселелері бойынша ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қоюға келісті», - делінген министрлік ақпаратында.
Ведомтствоның атап өтуінше, тараптар өз бетінше жұмыспен айналысушы азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтылуға тарту және оларды әлеуметтік қамсыздандырумен қамту мәселелері бойынша тәжірибемен алмасу, сондай-ақ Қазақстанның протездік-ортопедиялық саласын дамыту туралы келісімге келді.