СК-Фармация

Әлем жаңалықтары

Бразилия ғалымдары Зика безгегіне қарсы вакцина ойлап таппақ
12 ақпан 2016
Бразилия ғалымдары Зика безгегіне қарсы вакцина ойлап таппақ

Бразилия Денсаулық сақтау министрлігі Зика безгегінің бетін қайтаруға белгілі ғалымдарды жұмылдырып, бір жыл ішінде індетке қарсы екпе ойлап таппақ. Осы мақсатта АҚШ-тың Техастағы зерттеу орталығымен келісім жасасып, Ауруларды бақылау және алдыналу орталығымен бірлесе жүзеге асырмақ.

Жобаға Эболаға қарсы вакцина жасауға атсалысқан GlaxoSmithKline компаниясын тарту да көзделіп отыр. Ал соңғы ақпарат бойынша Бразилияда безгектен 3 адам көз жұмған. Вирустың аяғы ауыр ана құрсағындағы нәрестеге де қауіпті екені белгілі болды.

Сондықтан қазір жергілікті билік тұрғындарға зиянкес масадан қалай қорғану керектігін жаппай үйретуге көшті. Марсело Кастро, Бразилияның Денсаулық сақтау министрі: - Алға қойған мақсатқа жету үшін біраз уақыт кетеді. Бірақ біздің мамандар өздеріне сенімді. Олар Зика індетіне қарсы вакцинаны біз ойлағандай 4-5 жылда емес, 1 жылдың ішінде жасап шығаруға болады дейді. Жақын күндері америкалық 15 ғалым келіп, біздің мамандармен бірге емдік екпені жасауға кіріседі.

Дереккөз: 24.kz