СК-Фармация

Әлем жаңалықтары

Австралиялық жүкті әйел Зика безгегін жұқтырды
12 ақпан 2016
Австралиялық жүкті әйел Зика безгегін жұқтырды

Австралияда Зика безгегін жұқтырудың жаңа алтыншы дерегі тіркеліп отыр. Індетке жүкті әйел шалдыққан. Оның жуырда ғана шетелден оралғаны белгілі болды. Елдің Денсаулық сақтау министрі алаңдауға еш негіз жоқ деп, халықты сабырға шақырып отыр.

Джилл Хеннеси, Виктория штатының денсаулық сақтау министрі: - Ауруды жұқтырған бұл жүкті әйел Зика безгегі өршіп тұрған елге барып қайтқан екен. Дегенмен, австралиялықтар денсаулығы үшін алаңдамаса болады. Өйткені біздің елдің аумағында ауруды тарататын масалар кездеспейді.

Дереккөз: 24.kz