Әлем жаңалықтары
15 ақпан 2016
Колумбияда 5013 жүкті әйел Зика безгегін жұқтырған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбияда 5 мыңнан астам жүкті әйел Зика безгегін жұқтырған. Олардың 30%-ы - Венесуэла шекарасына жақын орналасқан аймақтың тұрғындары, деп жазады 24.kz.
Ал бүкіл ел бойынша бүгінде осы дертке 31 мың 500 тұрғын шалдыққан. Бұл өткен аптадағы көрсеткішпен салыстырғанда 23%-ға көп. Бір апта ішінде вирусты жұқтырған аяғы ауыр келіншектер саны бірден 58%-ға артып отыр. Осы ретте Колумбия билігі әйелдерге алдағы 6-8 ай ішінде жүктіліктен бас тартуға кеңес берген. Өйткені Зика безгегі құрсақтағы баланың дамуына кері әсер етуі мүмкін деген қауіп бар.
Дереккөз: ҚазАқпарат