Әлем жаңалықтары
18 ақпан 2016
Мұсылман ғалымы қатерлі ісіктен құтқаратын құрылғы ойлап тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістандық инженер Самир Икбал қатерлі ісік ауруын алғашқы сатысында-ақ анықтауға мүмкіндік беретін құрылғы ойлап тапты. Ауру асқынбай тұрып, дер кезінде емдесе, қатерлі ісіктің алдын алуға да болатыны белгілі, деп жазады muslim.kz.
Икбал бастаған ғалымдар тобы ойлап тапқан құрылғы жұмысы тікелей жасушалармен байланысты. Ағзадағы қатерлі ісік жасушалары наноқұрылымды қабырғалармен әрекеттескенде, олардың «билейтіні» байқалған. Ал, дені сау жасушалар қалыпты жағдайларын сақтаған.
«Билейтін» жасушалар байқалысымен, дәрігер науқасты ертерек емдеп жазып алуына әбден болады. «Ісік пайда болмай тұрып, дертті анықтау - науқастың тірі қалуының бірден-бір кепілі. Біздің құрылғымыз бұған қабілетті», - дейді Самир Икбал.
Дереккөз: ҚазАқпарат