СК-Фармация

Әлем жаңалықтары

Қытайда қауіпті вирусты жұқтырған екі адам тіркелді
25 ақпан 2016
Қытайда қауіпті вирусты жұқтырған екі адам тіркелді

Қытайда зика вирусын жұқтырған тағы екі адам тіркелді. Ұлттық денсаулық сақтау және отбасын жоспарлау комиссиясының мәліметінше бұл елде бес адам қауіпті безгекті жұқтырып отыр. Шығыс Қытайдағы Иу қаласының 38 жастағы тұрғыны 8 жасар ұлымен Самоа аралдарына саяхаттап келген екен. Олар Чжэцзян провинциясында зикамен ауырған алғашқы науқастар болып тіркелді. Қазір ыстығы көтерілген сырқат жандар ауруханада оқшауланған бөлімде ем қабылдап жатыр. Ресми ақпарат бойынша әкесі мен баласының жағдайы тәуір. Айта кетейік, бұған дейін Қытайда зика безгенін жұқтырған үш адам анықталған болатын.

Дереккөз: 24.kz