Әлем жаңалықтары
Бүгін ел билігі вирусты жұқтырған алғашқы дерек туралы ресми мәлімдеген. Ауруларды бақылау жөніндегі орталықтың мәліметі бойынша, жергілікті бизнесмен аталған індетке Бразилияға барған сапарында шалдыққан. Дәрігерлер қазір оның жағдайы қалыпты дейді. Бірақ қатаң бақылауда. Естеріңізге сала кетейік, Зика Оңтүстік Америкада, оның ішінде Бразилияда кеңінен таралған. Бұл елде ресми дерекке сәйкес, ауруды жұқтырған 900 оқиға тіркелді. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осы жылдың 1 ақпанынан бастап Зика безгегіне байланысты төтенше жағдай режимін енгізген. Джунг Ки Сак, Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының директоры: - Оңтүстік Кореяда бұл бірінші оқиға. 43 жастағы азамат Бразилияда 22 күн іссапармен жүрген. Оны сол елдің солтүстік-шығыс аймағында масалар шаққан.