СК-Фармация

Әлем жаңалықтары

Ғалымдар обырды қан талдауы арқылы анықтайтын тәсіл ойлап тапты
23 наурыз 2016
Ғалымдар обырды қан талдауы арқылы анықтайтын тәсіл ойлап тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Химиялық биология және фундаменталдық медицина институтының ғалымдары кеселді ісіктерді биопсиясыз, қан талдауы арқылы анықтауға мүмкіндік беретін әдістемені әзірледі, деп хабарлайды РИА Новости.

Хабарламада ғалымдар қаннан ісіктердің пайда болу және даму процестеріне қатысатын экзосомаларды анықтайтын тиімді әдісті патенттегені айтылған.

«Қалыпты жағдайда барлық жасушалар экзосоманың жасушадан тыс кеңістігіне - өлшемі 30-дан 100-ге дейін нанометрді құрайтын эпителийлік кішкентай бөлшектеріне секрецияланады. Олар қанның тогымен бүкіл ағзаға таралып, құрамы патологияның дамуы кезінде өзгереді», - деді Химиялық биология және фундаменталдық медицина институтының ғылыми қызметкері Светлана Тамкович.

Ғалымның айтуынша, онкологиялық дертке шалдыққандардың ісік жасушаларынан бөлінетін экзосомалар бастапқы ісіну ошағының дамуына да, кеселді жер зардабының кеселді дененің басқа жерлеріне таралуына да әсер етіп, сондай-ақ жаңа ісіктің өсуі мен енуін белсендете түседі, иммунитет пен дәрілік құралдарға тұрақтылықты әлсіретеді. 

Дереккөз: ҚазАқпарат