СК-Фармация

Әлем жаңалықтары

Филиппинде денге безгегіне қарсы егу шаралары басталды
05 сәуір 2016
Филиппинде денге безгегіне қарсы егу шаралары басталды

Филиппин өкіметі денге безгегіне қарсы вакцина егуді бастады. Осы кең ауқымды бағдарлама аясында 9 жастан асқан бір миллионнан аса оқушыға вакцина егіледі. Елдің денсаулық сақтау министрі Дженет Гаринның мәлімдеуінше, бұл – елдің медициналық қамсыздандыру саласындағы тарихи қадам. 2015жылы Филиппинде 200 мыңнан аса адамға денге безгегі жұққан. Адам денсаулығына қауіпті бұл ауруды масалар таратады. Жалпы әлем бойынша, жыл сайын 390 миллион адам денге безгегімен ауырады. Гийом Лерой, вакцина шығарушы компанияның вице-президенті: - Вакцина егу арқылы біз денге безгегін жұқтыру қауіпін 93%-ға қысқартамыз. Бұл – өте үлкен жетістік. Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің басты артықшылығы – осы.

Дереккөз: 24.kz