Әлем жаңалықтары
05 сәуір 2016
Полиомиелит таяуда толық жойылады - ДДСҰ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) полиомиелит сырқаты әлемде еңсерілді, деп мәлімдеді. Сырқат тек - Ауғанстан мен Пәкістанда ғана сақталған.
Полиомиелитті жою үшін сәуір айынан 150 мемлекет инактивті вакциналауға (ИПВ) көшеді. Бұл туралы ДДСҰ хабарлады.
ИПВ зарарсыздандырылған вирус негізінде әзірленеді және тері астына немесе бұлшық еті ішіне егіледі. Иммунитетті қалыптастыру үшін екі екпе жеткілікті.
ТМД елдерінде күні бүгінге дейін ауызбен қабылдайтын тірі вакцинаны қолданады. Ол сенімділігі төмен тәсіл әрі көп мәрте қолдануды талап етеді.
Дереккөз: Қазақпарат