СК-Фармация

Әлем жаңалықтары

Бейжіңде Зика безгегін жұқтырған алғашқы науқас анықталды
16 мамыр 2016
Бейжіңде Зика безгегін жұқтырған алғашқы науқас анықталды

Қытай астанасында Зика вирусын жұқтырған алғашқы науқас анықталды. Бұл туралы осы елдің Ұлттық денсаулық сақтау және отбасын жоспарлау комиссиясы хабарлады. Ресми мәлімет бойынша, Венесуэладан 13 мамырда оралған Шаньдун провинциясының 29 жастағы тұрғынынан қауіпті безгектің белгілері табылған. Зертханалық сараптама бойынша оның қанында вирустың бары анықталды. Қазір науқас ем қабылдауда. Ал оңтүстіктегі Гуандун провинциясында Зиканы жұқтырған 12-дерек расталды. Венесуэладан оралған 37 жастағы әйелдің де денесі бөртіп кеткен. Зиканы жұқтырған қытайлық азаматтардың Латын Америкасына сапарлап қайтқаны белгілі болды.


Дереккөз: 24KZ