Әлем жаңалықтары
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та 300 жүкті әйел Зика безгегін жұқтырған. Бұндай деректі осы елдің Аурулардың алдын алу және бақылау орталығы таратты, деп жазады Би-би-си.
Бұған дейін 157 әйел осы дертті жұқтырғаны мәлім еді. Енді тағы 122 жүкті әйелдің осы дертке душар болғаны анықталды.
Зика безгегі ең әуелі жүкті әйелдер үшін өте қауіпті. Себебі ол нәрестенің бойынта туабітті ауытқушылықтарды қалыптастыруы мүмкін. Соның ішінде микроцефалия сынды аты жаман дерт те бар.
Былтыр Бразилияда 1000-ға жуық баланың миы қалыпты мөлшерден кіші болып туған.
ДДСҰ жуырда Зика безгегі осы жазда Еуропаға да тарауы мүмкін екендігін хабарлаған.
Бұған дейін аталған денсаулық ұйымы Зика бүкіл әлемге қауіп төндіріп тұрған індет екенін, оған қарсы вакцина әлі табылмағанын жариялаған.