Әлем жаңалықтары
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та белгілі антибиотиктердің ешқайсысымен емдеуге келмейтін бактериялық инфекция алғаш рет тіркелді, деп хабарлады Рэйтер агенттігі.
«Супербактерия» сәуірдің соңында несеп жүйесінің инфекциясына шағымданып келген Пенсильвания штатындағы 49 жастағы әйелден табылған.
Бактерияны зерттеген ғалымдар оның mcr-1 генін таратқан ДНК бөлігі - плазмидтің әсеріне ұшырағанын анықтады.
Қазіргі кезде ғалымдар mcr-1 генінің АҚШ-та қаншалықты тарағанын анықтау мақсатымен зерттеулерін жалғастыруда.
Ең соңғы антибиотик колистин әсер етпейтін бактерияның пайда болуын мамандар Қытайда ауыл шаруашылығы саласында антибиотикті шектеусіз пайдалануы себеп болды деп санайды. Қазір Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы антибиотикті пайдалануды барынша тыюға кеңес береді.