Әлем жаңалықтары
29 мамыр 2016
ДДСҰ: Олимпиада ойындарын өткізбеуге еш негіз жоқ
Биылғы Олимпиада ойындарын кейінге шегеруге немесе Бразилиядан басқа елде өткізуге еш негіз жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері осылай деп отыр. Бұған дейін жүзден астам әлемдік ғалым осы мекеме басшысы атына ашық хат жолдаған. Олар Зика безгегінен қауіптеніп, дүбірлі доданы кейінге қалдыруға немесе өзге жерде өткізуін сұраған болатын. Айта кеткен жөн, бүгінде бұл вирус әлемнің 60-тан астам елінде тіркелген. Масалар арқылы таралатын дерт ең алдымен жүкті әйелдер үшін қауіпті. Өйткені ол құрсақтағы сәби миының дамуына кедергі етіп, микроцефалия ауруына шалдықтыруы мүмкін.
Дереккөз: 24KZ