СК-Фармация

Әлем жаңалықтары

Ғалымдар иненің ұшына орналастыруға болатын медицина камерасын жасады
04 шілде 2016
Ғалымдар иненің ұшына орналастыруға болатын медицина камерасын жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германиядағы Штутгарт университетінің зерттеушілері 3D баспа технологиясының көмегімен көлемі иненің ұшындай ғана жаңа медициналық камера жасады. Бұл туралы naked-science.ruхабарлады.

Адам денесінің ішкі бейнесін алу - өте күрделі жұмыс. Осы мәселені шешу үшін зерттеушілер тұздың кішкене дәніндей күрделі линза жүйесін ойлап тапты, оның кішкентайлығы сондай медициналық иненің ішіне орналастыруға болады. Бұл құрал медицинадағы жаңалық қана емес, алдағы уақытта смартфон, дрон секілді басқа да аппараттарға өте кішкентай камералар жасауға мүмкіндік береді.

Ғалымдар үш объективтен тұратын камераны 3D баспа технологиясының көмегімен жасады. Олардың айтуынша, осындай әдіспен 10 микрометрге дейінгі дәлдікпен оптикалық линза жүйесін әзірлеп шығуға болады. 

 

Дереккөз: Қазақпарат