СК-Фармация

Әлем жаңалықтары

Малайзияда ата-аналар балаларына екпе салдырудан бас тартып жатыр
07 шілде 2016
Малайзияда ата-аналар балаларына екпе салдырудан бас тартып жатыр

Малайзияда балаларына епке салдырудан бас тартып жатқан ата-аналар саны артып келеді. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері осылай деп дабыл қағып отыр. Олар мұның соңы түрлі аурулардың өршіп кетуіне әкеп соқтыруы мүмкін деп қауіптенеді. Мынау – Мұса Мұхаммед Нардин. Ол елдің батысындағы Селангор штатындағы жекеменшік ауруханада педиатр болып жұмыс істейді. Дәрігер соңғы уақытта балаларына екпе салдыруға қарсы ата-аналардың көбейіп кеткен айтады. Егер 2013 жылы елде осындай 650 дерек тіркелсе, өткен жылы бұл сан 1500-ге жеткен.   Сатасиван Субраманиан, Малайзияның денсаулық сақтау министрі: - Бұл жағдай бізді қатты алаңдатып отыр. Егер шұғыл түрде қандай да бір шара қабылдамасақ, екпеден бас тартқан ата-аналар саны тек арта бермек. Бұл өз кезегінде бүкіл ұлттың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Малайзия халқының басым бөлігі – мұсылмандар. Сондықтан жергілікті жұрт вакцинада доңыз ДНҚ секілді дінмен тыйым салынған заттар болуы мүмкін деп қауіптенеді. Алайда ақхалаттылар дәрілерде ондай қоспалардың жоқ екеніне сендіреді. Халықты екпеден бас тартпауға жергілікті діни жетекшілер де шақырып отыр.   Зулькифи Мұхаммед әл-Бакри, дін қызметкері: - Вакциналар өзге ауру тудырады деп ойлайтындар бар. Алайда, негізінде бұл індеттерге себепші болатын басқа факторлар бар. Халық оны есепке алмайды. Жалпы, маусымның басынан бері Малайзияда дифтериядан 5 бала көз жұмған екен. Сондай-ақ қызылшамен ауырған бүлдіршіндердің саны өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 4 есеге артып кетіпті.


Дереккөз: 24KZ