Әлем жаңалықтары
13 шілде 2016
Румынияда Зика вирусын жұқтырған алғашқы оқиға тіркелді
Румынияда Зика вирусын жұқтырған алғашқы оқиға тіркелді. Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Олардың айтуынша, қатерлі дертке Кариб теңізіндегі Мар-тиника аралынан оралған 27 жастағы бойжеткен шалдыққан. Ол ауруханаға сырттан келгеніне 2 күн өткеннен кейін барған. Айта кеткен жөн, Зика безгегі негізінде маймылдардың бойында болатын жұқпалы індет. Бұл вирус адамдарға масалар арқылы беріледі. Әсіресе Зика жүкті әйелдер үшін өте қауіпті. Аталған безгек шақалақтардың миында ісік тудыруы мүмкін. Осыған дейін вирус кеңінен таралған Бразилияның біраз аймағында төтенше жағдай жарияланған еді.
Дереккөз: 24KZ