Әлем жаңалықтары
02 қыркүйек 2016
Зика безгегі Малайзияда алғаш рет тіркелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Малайзия билігі елде Зика безгегін жұқтырған алғашқы жағдайдың тіркелгенін мәлімдеді, деп жазады 24.kz.
Індет 58 жастағы Кланг қаласының тұрғынынан табылған. Ол бірер күн бұрын Сингапурда болыпты. Қазір науқас ауруханада. Дәрігерлер онымен соңғы уақытта жақын байланыста болған адамдардың барлығын тексеруге алды.
Айта кетейік, Зика безгегі - негізінен маймылдарға тән ауру. Кей жағдайларда ол маса арқылы адамға да жұғады. Індет, әсіресе, жүкті әйелдерге қауіпті. Ол құрсақтағы нәрестенің микроцефалия дертіне шалдығуына себеп болады.
Дереккөз: Қазақпарат