СК-Фармация

Әлем жаңалықтары

Вьетнамда Зика безгегін жұқтырғандар саны артты
03 қараша 2016
Вьетнамда Зика безгегін жұқтырғандар саны артты

Вьетнамда соңғы 3 күнде Зика безгегін жұқтырғандар саны екі есеге артқан. Осылайша, науқастар саны 20-дан асқан. Олардың дені елдің ең ірі қаласы Хошимин тұрғындары болып шықты. Ал 30 қазанда денсаулық сақтау министрлігі Вьетнамда алғаш рет микроцефалия дертінің тіркелгенін хабарлады. Алдын-ала мәлімет бойынша, оны Зика безгегі тудыруы мүмкін. Жалпы, бұл вирус ең алдымен жүкті әйелдер үшін қауіпті. Өйткені құрсақтағы бала миының дамуына кері әскерін тигізуі мүмкін.


Дереккөз: www.24.kz