СК-Фармация

Бос орын

"СҚ-Фармация" ЖШС бос лауазымдарға орналасуға №48 конкурс туралы хабарландыру

"СҚ-Фармация" ЖШС, БСН 090340007747, мекен-жайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 13/3 үй, 2-4 қабат, банк деректемелері: "Қазақстан Халық банкі" АҚ, ЖСК KZ456010111000045697, БИК HSBKKZKX "СҚ-Фармация" ЖШС – де бос лауазымдарға орналасуға конкурстық іріктеудің Ережесіне сәйкес (бұдан әрі-Ереже), бос лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу туралы хабарлайды:

  1. 1. Экономика және қаржы мониторингі басқармасының бас менеджері.
  2. 2. Жеткізушілерді және отандық тауар өндірушілерді сүйемелдеу басқармасының бас менеджері.
  3. 3. Жеткізушілерді және отандық тауар өндірушілерді сүйемелдеу басқармасының менеджері.
  4. 4. Алматы облысы бойынша Өкілдігінің менеджері (жұмыс орны-Талдықорған қаласы).
  5. 5. Атырау облысы бойынша Өкілдігінің менеджері (жұмыс орны-Атырау қаласы).
  6. 6. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Өкілдігінің менеджері (жұмыс орны-Өскемен қаласы).
  7. 7. Павлодар облысы бойынша Өкілдігінің менеджері (жұмыс орны-Павлодар қаласы).
  8. 8. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Өкілдігінің менеджері (жұмыс орны-Петропавл қаласы).
  9. 9. Түркістан облысы бойныша Өкілдігінің менеджері (жұмыс орны-Түркістан қаласы).
  10. 10. Шымкент қаласы бойынша Өкілдігінің менеджері (жұмыс орны-Шымкент қаласы).

Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті үміткерлер осы хабарландырудың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:

  1. 1) Осы хабарландырудың 2-қосымшасына сәйкес 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреті бар үміткердің түйіндемесі;
  2. 2)Білімі туралы құжаттардың және олардың қосымшаларының көшірмелері;
  3. 3) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  4. 4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  5. 5) Кәсіби қасиеттері мен дағдылары, жұмысқа көзқарасы , ұжымда коммуникациялық дағдылары мен мінез-құлықтары көрсетілген соңғы жұмыс орнынан мінездеме.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 30 наурызда сағат 10: 00-де мына мекенжай бойынша аяқталады: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 13/3 үй, 4 қабат, персоналды басқару қызметі.

Әлеуетті үміткерлер конкурсқа қатысу үшін осы хабарландырудың 3-6-қосымшаларына сәйкес (лауазымына қарай) біліктілік талаптарына сай болуы тиіс.

Конкурс бойынша қосымша ақпаратты мына мекен-жай бойынша алуға болады: Қазақстан Республикасы, Нұр-сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 13/3 үй, 4 қабат, персоналды басқару қызметі немесе 8 (7172) 23-59-92, 57-12-99, e. mail - a.bertleuova@sk-pharmacy.kz

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 4

Қосымша 5

Қосымша 6


"СҚ-Фармация" ЖШС бос лауазымдарға кадрларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасынан үзінді

 

 Нұр-Султан қ                                                                     «02» наурыз  2020 жыл

 

Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Нұр-сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі 13/3, 3 қабат, "Ахуалдық-талдау орталығы".

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

    "СҚ-Фармация" ЖШС-нің  жеткізушілерді және отандық тауар өндірушілерді сүйемелдеу басқармасының 1-санатты бас менеджері, жеткізушілерді және отандық тауар өндірушілерді сүйемелдеу басқармасының бас менеджері, қоғамдық жұмыс жөніндегі басқарманың бас менеджері (уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру кезеңіне), бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының менеджері (уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру кезеңіне), Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің менеджері, Павлодар облысы бойынша өкілдігінің менеджері және Алматы облысы бойынша өкілдігінің менеджері  бос лауазымына орналасуға конкурстық іріктеуді өткізу туралы.

Әңгімелесу нәтижесі бойынша, үміткерлерді бағалау парақтарының негізінде, ашық дауыс беру жолымен конкурстық комиссия ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 1. "СҚ-Фармация" ЖШС Қоғамдық жұмыс жөніндегі басқарманың бас менеджері лауазымына(уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру кезеңіне) Елемесов Әділхан Саматұлы тағайындалсын.
  2. 2. "СҚ-Фармация" ЖШС Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының менеджері лауазымына (уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру кезеңіне) Айсұлу Жақсылыққызы Ищанова тағайындалсын.
  3. 3. "СҚ-Фармация" ЖШС Алматы облысы бойынша өкілдігінің менеджері лауазымына Нұргүл Жақсылыққызы Уражанова тағайындалсын.

Білім деңгейінің бос лауазымдарға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты  үміткерлер  С.Д.Раисовқа, С.А.Сүйінбайға, Ж.Т. Нұрашбековаға, А. К. Әбдіқалықоваға, А.С.Нуразхановаға, Г.Т.Жакинаға бос лауазымдарға қабылдаудан бас тартылсын.